«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 318 бұйрығы

 «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 318 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарының түсушілерін қоспағанда, түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.

Қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары топтары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсушілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар Оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсуші адамдар Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ҰБТ тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсуші Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар Оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ҰБТ тапсырады.

Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілерді қоспағанда, қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсетін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар ҰБТ-ді жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.