«Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 29 қазандағы № 301 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10554 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарында:
69-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69-2. Практикалық дайындық нұсқаушылары АОО мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары білім;