Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды, медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының 2019 жылғы 26 маусымдағы № 122-НҚ бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 20-бабының 4-тармағына, 21-бабының 11-тармағына және 22-бабының 4-тармағына, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды, медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 344 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды, медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар айқындалсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға | Л. Бюрабекова |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
комитеті төрағасының
2019 жылғы 26 маусымдағы
№ 122-ОД бұйрығына
қосымша