№ 38 қаулысына
11-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды
2. Объектіге қонақтарды жеткізу бойынша көлік қызметтерін көрсету кезінде көлік құралын жинау журналына белгі қоя отырып, вирусқа қарсы әсер ететін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, көлік құралының салонын ылғалды жинау қамтамасыз етіледі.
3. Қонақүйлерде, отельдерде келушілердің қауіпсіздігі мақсатында:
1) кіреберістегі келушілердің дене температурасын бақылау (ресепшн, күзет пункті);
2) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша) қамтамасыз етіледі.
4. Персоналдың қауіпсіздігі мақсатында:
1) персоналдың профилактикалық іс-шараларды сақтауы;
2) міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, CОVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу нысанына ауыстыру;
3) кіру және шығу кезінде санитайзерлерді пайдалану;
4) объектіге бір мезеттік кіру 2 адамнан аспайды;
5) үй-жай ішіндегі адамдар арасында әлеуметтік алшақтықты сақтау;
6) маска болған кезде персоналға рұқсат беру;
7) кіру кезінде персоналдың температурасын өлшеу.
5. Бөлімше басшылары мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) респираторлық инфекцияның кез келген белгілерімен (дене температурасының көтерілуі, жөтел, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы), симптомдары, жоғары температура анықталған немесе пайда болған жағдайда персоналды жұмысқа жіберуді болдырмау, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыруды ұйымдастыру және жедел жәрдем келгенше осы қызметкерді оқшаулау;
2) персоналдың жұмысын ұйымдастыру кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;
3) жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және басқа да вирустық аурулар ауруларына ерекше назар аудара отырып, болмау себебін анықтай отырып, журналға белгі қоя отырып, қызметкерлердің жұмысқа шығуының күн сайынғы мониторингін жүргізу;
6. Нөмір қоры қызметінің бастығы қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт батырмаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
7. Дезинфекция үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады.
Үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді.
8. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
9. Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялық іс-шараларды жеке қорғаныш құралдарын: униформа, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізеді.
10. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда сақталады.
11. Ауаны залалсыздандыру қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
12. Объектіде 15 минут ішінде күніне 2 реттен кем емес желдету режимі қамтамасыз етіледі.
13. Объектінің басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналдың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитарлармен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету).
2) бір рет қолданылатын медициналық маскалар (жұмыс ауысымының ұзақтығына және маска ауысымына қарай кемінде 2 сағатта 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғаныш маскалары (келесі қолданар алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптар (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және бүтіндігі бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық сулықтар немесе тері антисептиктері қорының болуы. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмаңыз. Пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинау пакеттерге арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратылады;
3) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның профилактиикалық бойынша жаднамалардың болуы;
4) табиғи желдету болмаған кезде келушілер көп жиналатын жерлерде (холдар, залдар, мейрамхана) ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында бактерицидті шамдарды (келушілер мен персонал болмаған кездеу пайдалану) және (немесе) ауа рециркуляторларын (адамдар болғанда пайдалануға рұқсат етіледі) қолдану (жалпы келушілер қоры кемінде 50 адам болатын қонақүйлер үшін);
5) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорының болуы;
6) COVID-19 кезінде персоналды жеке гигиена ережелері бойынша мерзімді оқыту және қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру;
7) персоналдың жұмыс және демалыс аймақтарында қабырға дезинфекциялау құралдарын орнату.
14. Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы шағын қонақүйлерде, хостелдерде, қонақүйлерде және басқа да объектілерде:
1) COVID-19 бойынша карантин кезінде персоналдың профилактикалық іс-шараларды сақтауы;
2) персоналдың санитерайзерлерді кіру және шығу кезінде пайдалануы;
3) персоналды жеке қорғаныш құралдары (маскалар) болған кезде кіргізу;
4) қызметкерлердің дене температурасын өлшеуге, жоғары температурада және ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, бұл туралы журналға тиісті белгілер қойылады;
5) қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт кнопкаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде құралдарды қолдану;
6) үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді;
7) дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
15. Объектінің басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналдың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитайзерлермен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету);
2) бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорының (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғану маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және бүтіндігі бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын сулықтар немесе тері антисептиктерінің болуы. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмау. Пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинауды арнайы бөлінген орындарда пакеттерге жүргізу, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату;
3) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның профилактикасы бойынша жаднамалардың болуы;
4) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорының болуы;
5) персоналды жеке гигиена және covid-19 кезінде қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру ережелері бойынша мерзімді оқыту;
16. Барлық объектілерде жұмыс процесін ұйымдастыру кезінде:
1) адамдар көп жиналатын жерлерде, жүріп-тұру қарқындылығы байқалатын ресепшен алдында, едендегі белгілер арқылы немесе шектеу тіректері арқылы орындарды белгілеу арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау;
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды бекіту (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, ды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
3) желдету жүйелері мен ауаны кондиционерлеу жүйелерінің профилактикалық тексеру жүргізумен үздіксіз жұмысы (фильтлерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда), желдету режимін сақтау;
4) егер келген кезде немесе қонақтардың келуі кезінде аурудың кез келген белгілері (жөтел, әлсіздік, жоғары температура және т.б.) байқалатын болса және жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттігі және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау кезінде қызметкерлер арасында ден қою жоспары туралы нұсқама өткізу;
5) мейманханалық аймақтарда бір-бірінен 1,5 метр қашықтықта дивандар, орындықтар орнату;
6) әрбір келуші/клиент шыққаннан кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, бөлмелерді күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етіледі.
17. Тамақ ішу арнайы бөлінген бөлмеде жүзеге асыралады. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттар үшін үй-жай бөлу көзделеді.
18. Нөмірлерде немесе асханаларда қонақтардың тамақтануын ұйымдастыру үстелдердің арасында кемінде 1 метр қашықтық және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қонақтардың жиналуын болдырмайтын жағдайлар сақталған кезде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
12-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметіне қойылатын талаптар
1. Апта сайын қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын (орындықтарды, есіктерді, тұтқаларды, терезе алды және т.б. өңдеу) қолдана отырып, күрделі жинау жүргізіледі.
2. Эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында ғимараттарда:
1) ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін жоспарлы профилактикалық жұмыс кестелеріне сәйкес желдету және ауаны баптау жүйелерін тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және басқа да жұмыстар жүргізу;
2) барлық үй-жайларды жиі желдету;
3) нұсқама жүргізуге, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыруға, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорымен жабдықтау және қадағалау, нұсқаулықты жүргізу мерзімділігі бойынша журнал жүргізу, қорғаныш құралдарын ауыстыру және дезинфекциялау құралдардың қорларын толықтыруға жауапты адамды бекіту;
4) қызметкерлер арасында COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша, жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқау жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;
5) COVID-19 бойынша карантин уақытында қызметкерлерге ұйымның медицина қызметкерінің қарап-тексеруі кезінде жай-күйіне сауал жүргізу және термометрия жүргізу, қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеу арқылы медициналық бақылауды қамтамасыз ету;
6) жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар персонал тексерілу үшін жіберіледі.
7) жұмыста болмау себептерін анықтау арқылы жұмысқа шығуға күн сайын мониторинг жүргізу;
8) жеке қауіпсіздік қызметінің немесе білікті персоналдың кіру кезінде жолаушыларды байланыссыз термометриямен тексеру жүргізуі;
9) жолаушылар болатын жерлерде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу, еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, орындықтарды, жолаушылардың қолдары жанасатын өзге де жерлерді дезинфекциялайтын сулықтармен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту;
10) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша;
11) COVID-19 ауыратын жолаушылар немесе қызметкерлер анықталған кезде қорытынды дезинфекциялау.
3. Объектілерде көрінетін және қолжетімді орындарда (күту залдары, ана мен бала бөлмелері), кіреберісте немесе санитариялық тораптарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.
4. Жолаушылар ағынының байланысына жол бермеу мақсатында келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздер ұйымдастырылады.
5. Ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналатын жерлерді болдырмау үшін еденге белгі қою қамтамасыз етіледі.
6. Жолаушыларды ақпараттандыру мақсатында санитариялық шараларды сақтау қажеттілігі туралы радиотрансляция 60 минутта кемінде 1 рет жүзеге асырылады.
7. Әуежайларда, вокзалдарда мынадай талаптарды:
1) медицина қызметкерлерінің тұрақты болуын;
2) дезинфекциялық режимнің сақталуын;
3) қажетті дәрілік заттармен, медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, шпательмен, медициналық маскалармен және т. б.) қамтамасыз етуді;
4) медициналық пункт қызметкерлерін ЖҚҚ және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді;
5) әуежай, вокзалдар қызметкерлерінің денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда жедел медициналық жәрдем келгенге дейін медициналық пункттің изоляторында орналастыруды қамтамасыз ете отырып, изоляторы бар медициналық немесе денсаулық сақтау пунктінің жұмысы ұйымдастырылады.
8. Әуежайлар мен вокзалдар персоналы:
1) әуежайлардың, вокзалдардың үй-жайларында, сондай-ақ қоғамдық орындарда медициналық маскаларды міндетті түрде киюге;
2) халыққа қызмет көрсету орындарында (кассаларда, кететін жолаушыларды толық қарап-тексеру аймақтарында) медициналық маскаларды уақтылы ауыстыру шартымен (әрбір 2 сағат сайын) жұмыс күні ішінде пайдалануға;
3) қызметкерлер мен жолаушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтауға;
4) жолаушылармен және басқа да қызметкерлермен қарым-қатынасты шектеуге қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді.
9. Вокзалдың, әуежайдың қызметкерінде ауруға күдік болған жағдайда ауысымға жаңадан келіп түсетін немесе ауыстыратын қызметкер ауырып қалған адамның жұмыс орнында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін жұмысқа кіріседі.
10. Әуежайлар мен вокзалдар әкімшілігі мыналарды:
1) персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар);
2) әуежай, вокзал ғимараттарында ауа баптау, желдету жүйелеріне ревизия жүргізу және желдету сүзгілерін ауыстыруды;
3) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аргнайы көлік құралдарын (перрондық автобустарды) қоспағанда, жолаушыларды отырғызу орындарының санынан аспайтын мөлшерде көлік құралына жіберуді;
4) объектінің медицина қызметкерінің персоналды медициналық бақылауын (ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі тексеру кезіндегі жай-күйі мен термометриясы);
5) ауысым (рейс, бағыт) аяқталғаннан кейін қоғамдық көлікке дезинфекция жүргізуді;
6) жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорының болуын;
7) көлік құралының салонын желдету, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып салонды ылғалды жинау, бағдар аяқталғаннан кейін тұру кезінде жолаушылардың қолымен жанасуды жоққа шығармайтын еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, отырғыштарды және өзге де беттерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүртуді;
8) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын (маскалар), қолға арналған антисептиктерді, дезинфекциялау құралдарын пайдалануын қамтамасыз етеді.
11. Әуежайлар мен вокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттер ғимараттарының ішінде, көлік құралдарында жолаушылар жеке қорғаныш құралдарында (маскалар) болады.
12. Дезинфекциялау арқылы өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орын, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен жүргізіледі.
13. Ауаны қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
13-қосымша
Су көлігі (катерлер, кемелер, теплоходтар, паромдар және басқалары) мен теңіз порттарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметіне қойылатын талаптар
1. Апта сайын қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын (орындықтарды, есіктерді, тұтқаларды, терезе алды тақтайларын және т.б. өңдеу) қолдана отырып, күрделі жинау жүргізіледі.
2. Эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында:
1) ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін су ортасының желдету жүйелерін тазалау, жуу, дезинфекциялау, ауыстыру және т. б.;
2) барлық үй-жайларды әр рейстен кейін кемінде 15 минут жиі желдету;
3) ауаны желдету жүйесін тазарту және дезинфекциялау жоспарлы профилактикалық жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізіледі;
4) жеке қауіпсіздік қызметімен немесе білікті персоналмен кіру кезінде жолаушыларды байланыссыз термометриямен тексеру;
5) нұсқамаға жүргізу, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын жабдықтау және қадағалау, нұсқаманы өткізудің кезеңділігі, қорғау құралдарын ауыстыру және дезинфекциялау құралдарының қорын толықтыру бойынша журнал жүргізуге жауапты адамды бекіту;
6) қызметкерлер арасында COVID 19 кезінде жеке қорғану құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама беру, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;
7) ұйымның медицина қызметкерінің ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі қарап-тексеруі кезінде жай-күйіне сауалнама және термометрия жүргізе отырып, қызметкерлерді медициналық қадағалау;
8) жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар персонал тексеру үшін жіберіледі.
9) болмау себебін анықтай отырып, персоналдың жұмысқа шығуына күн сайын мониторинг жүргізу;
10) жолаушылар болатын жерлерде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ағымдағы және күрделі жинау, жолаушылардың қолдарымен жанасуын болдырмайтын еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, таяныштарды, орындықтарды және өзге де беттерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту;
11) Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар;
12) COVID-19 бар жолаушылар немесе қызметкерлер анықталған кезде қорытынды дезинфекция.
3. Объектілерде кіреберісте және дәліздерде көрінетін және қолжетімді орындарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.
4. Жолаушылар ағынының қиылысуын болдырмау мақсатында келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздер ұйымдастырылады.
5.Ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын орындарды болдырмау үшін еденге белгі салу қамтамасыз етіледі.
6.Жолаушыларды хабардар ету мақсатында санитариялық шараларды сақтау қажеттілігін радиотрансляциялау 60 минутта кемінде 1 рет жүзеге асырылады.
7. Су көлігінің персоналы (катерлер, кемелер, теплоходтар, паромдар және басқалар) мыналарға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді:
1) үй-жайларда, сондай-ақ қоғамдық орындарда медициналық маскаларды міндетті түрде киюге;
2) халыққа қызмет көрсету орындарында (кассаларда) қолғаптарды, медициналық маскаларды уақтылы ауыстыру шартымен жұмыс күні ішінде оларды пайдаланып қызмет көрсету (әрбір 2 сағат сайын);
3) қызметкерлер мен жолаушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтау;
4) жолаушылармен және басқа қызметкерлермен байланысты шектеу.
8. Су көлігі қызметкерінің ауруына күдік болған кезде ауысымға жаңадан түсетін немесе ауыстыратын қызметкер сырқаттанған адамның жұмыс орнында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін жұмысқа кіріседі.
9. Су көлігі объектісінің әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар);
2) жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің ғимараттарында ауа баптау, желдету жүйелеріне тексеру жүргізу және желдеткіш сүзгілерді ауыстыру;
3) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, мамандандырылған көлік құралдарын (перрондық автобустарды) қоспағанда, жолаушыларды көлік құралына отырғызу орындарының санынан аспайтын мөлшерде жіберу;
4) объектінің медицина қызметкерінің персоналды медициналық қадағалауы (ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі қарап-тексеру кезінде жай-күйін сұрау және термометрия);
5) жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорының болуы;
6) көлік құралының салонын желдету, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып салонды ылғалды жинау, маршруттың соңы бойынша тоқтап тұрған уақытта еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, орындықтарды және жолаушылардың қолымен жанасуын болдырмайтын өзге де беттерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту;
7) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын (маскаларды), қолға арналған антисептиктерді, дезинфекциялау құралдарын пайдалануы.
8) өз қаражаты есебінен немесе эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары бойынша дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын жүргізу;
10. Ғимараттар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің ішінде, көлік құралында жолаушылар медициналық маскамен жүреді.
11. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды дезинфекциялай отырып ылғалды жинау есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындарды, тамақ ішетін, демалыс бөлмелерін, санитариялық тораптарды) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 3 рет вирулицидті әсер ететін құралдармен жүргізіледі.
12. Қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес жабық үй-жайлардағы кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
14-қосымша
Тұрақты жолаушылар тасымалын (жолаушылар мен багаж тасымалының автомобиль, теміржол электр жылжымалы құрамдары (метрополитен)) жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптар
1. Жолаушылар тасымалын (автомобиль, теміржол электр жылжымалы құрамдары (метрополитен)) тұрақты жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптар
1. Ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық тасымалдар, сондай-ақ өңірлердегі автостанциялар, автовокзалдар, метрополитен үшін жұмыс режимі өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды және автобустардың қозғалыс кестесін ескере отырып, белгіленеді.