(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МӘМІЛЕЛЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ БОЙЫНША МӘ...

Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 212 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтердің нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

2. Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 702 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14732 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.