«Аудиторлардың біліктілігін арттыру Қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысанын бекіту туралы» 2021 жылғы 1 маусымдағы № 514 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 897 бұйрығы

 «Аудиторлардың біліктілігін арттыру Қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысанын бекіту туралы» 2021 жылғы 1 маусымдағы № 514 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 897 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Аудиторлардың біліктілігін арттыру Қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысанын бекіту туралы» 2021 жылғы 1 маусымдағы № 514 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22921 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидалары, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі және нысанда:

2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Аудиторлар 3 (үш) жыл ішінде 120 (жүз жиырма) сағат оқыту мөлшерінде, бірақ жылына 20 (жиырма) сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бұл кезең «аудитор» біліктілік куәлігін алған жылдан кейінгі жылдан басталады. Экономикалық, қаржылық, бақылау-тексеру немесе құқық салаларындағы немесе жоғары оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық қызмет саласындағы аудитордың жұмыс өтіліндегі үзіліс, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс үш жылдық кезеңге енгізілмейді.

3. Аудиторлардың біліктілігін үнемі арттырудың мақсаты аудиторлардың кәсіби білімдері мен дағдыларын тереңдету, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ аудит бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.

4. Міндетті оқу сағаттары бойынша біліктілікті арттыру курстары кәсіби ұйымда немесе ол айқындаған аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдарда өтеді және қалған қосымша сағаттар осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен өтеді.»;

7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.