«Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 139 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 627 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12671 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу себ-порталын пайдалану қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану тәртібі»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Веб-порталда барлық электрондық құжаттарды және құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жөнелту уақыты Жүйенің (Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті) уақыты бойынша тіркеледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Жүйе инциденттерінің (техникалық іркілістерінің) сыныптамасы»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Техникалық іркілістің туындауы туралы ақпарат көздері»;