Қазақстан Республикасы
Оқу ағарту министрлігінің
2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығына
21-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған
«Әдебиеттік оқу» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту тәжік тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің мақсаты - балалардың өнерін, өнер арқылы дамыту, өнермен байланыста болу қажеттілігін тәрбиелеу, білім алушыны әдебиет әлеміне енгізу және оны адамзаттың рухани тәжірибесімен қамтамасыз ету, білім алушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын оқу барысында қалыптастыру.
3. Бастауыш мектептегі пәндерді зерттеу мақсатына жету үшін келесі практикалық мәселелер шешіледі:
1) оқырмандық мүдделерін, эстетикалық сезімін және білім алушылардың көркемдік талғамымен олардың оқуға деген қажеттіліктерін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасау;
2) оқу және сөйлеу дағдыларының жүйесін қалыптастыру;
3) бастапқы әдеби және сөйлеу білімдерін қалыптастыру;
4) әртүрлі жанрлардағы көркемдік шығармаларды талдау әдістерін және әртүрлі стильдермен жұмыс жасау әдістеріне үйрету;
5) шығармашылық қабілеттерін дамыту;
6) білім алушының көкжиектерін кеңейту, бастауыш сынып білім алушыларына арналған классикалық және қазіргі заманғы көркем және ғылыми танымдық әдебиеттің ең үздік жұмыстарымен таныстыру;
7) толыққанды оқу дағдыларын жетілдіру (дұрыс, еркін сөйлеу, хабардарлық және мәнерлілік);