«Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 33 бұйрығы

 «Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 33 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 «Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14941 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 107) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 107-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;

29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын (болған жағдайда) және оның іске асырылуы туралы есепті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары;»;

7-тарау тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«7-тарау. Зерттеліп отырған мемлекеттік органның функциялары мен мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының сәйкестігін талдау (3-саты).

38, 39, 40-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.