«Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 33 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 21 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 «Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14941 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 107) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 107-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын (болған жағдайда) және оның іске асырылуы туралы есепті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары;»;
7-тарау тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: