Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
4-қосымша
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 286 бұйрығымен күші жойылды
«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасы Мемлекеттік корпорацияға тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілген күту уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) барынша жол берілетін қызмет көрсету уақыты - 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.