«Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 7 қыркүйектегі № 198 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 01 қыркүйектегі № 555 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6530 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесінде:
6-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) топырақты тұрмыстық қоқыспен және қалдықпен ластауға;»;
12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) топырақты қоқыспен және тұрмыстық қалдықпен ластауға;».