«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 774 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 83956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының жарғысында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Академияның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы Мәңгілік ел даңғылы, 55 Б.»;
17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: