Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 30 қазандағы № 272 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің дербес деректері жазылған жеке істерін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатталуы тиіс қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;