Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 300 шешімі
Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 359 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Су кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облыстық мәслихатының 39-сессиясының төрағасы |
Р. Байназарова |
| Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
А. Әлназарова |
Қызылорда облыстық мәслихатының
2015 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 300 шешiмiне 1-қосымша
Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су
ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
| № | Сырдария өзені және Арал теңізі бассейнінде арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері |