Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығы
(2021.02.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021.02.08. № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.02.08. № 77 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.02.11. № 318 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.02.11. № 57 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021.02.08. № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.02.08. № 77 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы бірлескен бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) 2-қосымшаға сәйкес туристік операторға қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
3) 3-қосымшаға сәйкес туристік агентке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
4) 4-қосымшаға сәйкес гидке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
5) 5-қосымшаға сәйкес экскурсоводқа қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
6) 6-қосымшаға сәйкес туризм нұсқаушысына қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Мыналардың: