Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және ҚазақстанРеспубликасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 қарашадағы № 496 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 10 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрініңөзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1, 5, 7 және 9-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.