Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының 2023-2026 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу бойынша сараптамалық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 19 шілдедегі № 217 бұйрығы
(2024.14.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығымен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының 2023-2026 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу бойынша сараптамалық кеңес (бұдан әрі - Сараптамалық кеңес) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (Қ.Б. Жұмашев) осы бұйрықты сараптамалық кеңес мүшелерінің назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Ғ. Бейсембаев |
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.14.02. № 32 бұйрығымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 19 шілдедегі
№ 217 бұйрығына
қосымша
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының
2023-2026 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу үшін сараптамалық кеңестің
құрамы
| № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Жұмыс орны/лауазымы |
| 1. | Мақсұтова Зейнеп Әбдіжүсіпқызы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары, сараптамалық кеңес төрағасы |
| 2. | Қаратабанов Руслан Әділханұлы | Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті, сараптамалық кеңес төрағасының орынбасары |