«Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 687 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 502 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 687 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19341 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сертификат қызмет саласы мен қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, екі жылға беріледі. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жарамсыз болып есептеледі. Сертификаттың қолданысы Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган өтініш тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде тізбеде көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес сертификат беру үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтініш берушіге ұсынылған құжаттар топтамасының сәйкес келмегені туралы оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі екі жұмыс күнін құрайды.»;