«Әкімдіктің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 350 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 283 Қаулысы (күші жойылды)

Әкімдіктің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 350 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 283 Қаулысы

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 9 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысы әкімдігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 14 тамыздағы № 350 қаулысына (2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5887 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

1), 2), 3) тармақшалар алып тастасын;

5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«5) «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;

мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.