Осы редакция 2019 жылғы 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.07.02. № 26 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
13-қосымша
«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.07.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу үшін порталға өтініш берген кезде:
көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын оларды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс;
көрсетілетін қызметті беруші облигациялық бағдарламаны 10 (он) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс;
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын 10 (он) жұмыс күні iшiнде жүзеге асырады;