«Ластағыштардың шығарындылары мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 28 тамыздағы № 188 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Ластағыштардың шығарындылары мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24214 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ластағыштардың шығарындылары мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне ақпаратты операторлар «Қазақстан Республикасының Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлык жүйесіндегі есептілік нысанын толтыру және осы нысанға тиісті оператор өзінің атынан көрсетілген тіркелімге ақпарат беруге уәкілеттік берілген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы береді.»;
20-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сұрау салу бойынша тиісті сұрау салуды алғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде кешіктірмей ұсыну;».