«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ведомстволық бюджет комиссиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 43 бұйрығы (2024.06.03. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ведомстволық бюджет комиссиясының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 43 бұйрығы

(2024.06.03. берілген өзгерістермен)

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 57-бабының 6-тармағына, 58-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ведомстволық бюджет комиссиясы құрылсын.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ведомстволық бюджет комиссиясы туралы ереже бекітілсін.

3. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегиялық және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі Ведомстволық бюджеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 311 бұйрығының;

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегиялық және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі ведомстволық бюджеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 311 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 144 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.С. Сапаровқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.31.03. № 91 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.06.03. № 88 бұйрығымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2021 жылғы 15 ақпандағы

№ 43 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бюджет комиссиясының құрамы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.