«Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24/232-VІІ «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 6/34-VIII шешімі

Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24/232-VІІ «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 6/34-VIII шешімі

 

Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24/232-VІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №176223 нөмірімен тіркелген, 2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Түркістан қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер - 105 218 975 мың теңге:

салықтық түсiмдер - 18 993 923 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер - 566 135 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 26 831 003 мың теңге;

трансферттер түсiмі - 58 827 914 мың теңге;

2) шығындар - 83 114 996 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 0:

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 287 157 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 287 157 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы - 21 816 822 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - - 21 816 822 мың теңге:

қарыздар түсімі - 2 000 000 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 23 924 621 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 107 799 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат төрағасы

Ғ.А. Сарсенбаев

 

Түркістан қалалық мәслихатының

2023 жылғы 27 қыркүйектегі

6/34-VIІІ шешіміне 1 қосымша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.