«Соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 3 нормативтік қаулысы

 «Соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 3 нормативтік қаулысы

 

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда аталған нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 3-тармақтағы екінші абзац алып тасталсын;

2) 7-тармақтағы екінші абзацтағы «белгіленген» деген сөзден кейін «үш еселік» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 11-тармақтағы «Заңды» деген сөз «Дербес салық төлеуші болып табылмайтын заңды» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 13-тармақта:

екінші абзац алып тасталсын;

үшінші абзацтағы «жасай отырып, көрсетілген» деген сөздер «жасай отырып, әкімшілік қамақ қолданылуы мүмкін емес» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 14-тармақта:

бірінші абзацтағы үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

«Сот ӘҚБтК-нің 829-11-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлардың анықталғанын ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамға қатысты салынған және ӘҚБтК-нің 44-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес есептелетін әкімшілік айыппұлдың мөлшерін, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан асырмай қысқартуға құқылы (ӘҚБтК-нің 829-11-бабының екінші бөлігі).»;

екінші абзац алып тасталсын;

6) мынадай мазмұндағы жаңа 14-1-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.