«Қазақстан Республикасында ауыл мектептерін дамытудың «Ауыл мектебі - сапа алаңы» тұжырымдамалық тәсілдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 21 бұйрығы

Қазақстан Республикасында ауыл мектептерін дамытудың «Ауыл мектебі - сапа алаңы» тұжырымдамалық тәсілдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 21 бұйрығы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ауылдық мектептерінде білім беру сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасында ауыл мектептерін дамытудың «Ауыл мектебі - сапа алаңы» тұжырымдамалық тәсілдері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (Қ.Б. Жұмашев) осы бұйрықты облыстық білім басқармалары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін.

3. Облыстардың білім басқармаларының басшылары:

1) осы бұйрықты аудандық білім бөлімдерінің назарына жеткізсін;

2) Қазақстан Республикасында ауыл мектептерін дамытудың «Ауыл мектебі - сапа алаңы» тұжырымдамалық тәсілдерінің орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту бірінші вице-министріне (Н.В. Жумадильдаева) жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Ғ. Бейсембаев

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2025 жылғы 31 қаңтардағы

№ 21 бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасында ауыл мектептерін дамытудың «Ауыл мектебі - сапа алаңы» тұжырымдамалық тәсілдері

 

I. Ағымдағы жағдайды талдау

 

1. Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы

 

Қазақстан аумағы кеңдігімен және халық тығыздығының төмендігімен сипатталады, бұл білім беру жүйесінде ауыл мектептерінің басымдығын анықтайды. Елдегі 6 878 мемлекеттік мектептің 73% (5 026) ауылдық жерлерде орналасқан, онда 1,5 млн бала (жалпы мектеп оқушыларының 42%) білім алады. Сонымен қатар ішкі және сыртқы көші-қонға байланысты ауыл мектептеріндегі білім алушылармен және осындай мектептер желісінің саны үнемі өзгеріп отырады.

 

Өңірлер

Мемлекеттік мектептер саны

олардың ішінде

Білім алушылардың саны

олардың ішінде

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.