«Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 59 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11128 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Ақылы учаскелерді пайдалану үшін төлемнен Заңның 5-2-баптарында көзделген автокөлік құралдарының санаты босатылады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Ұйымдастырушы ақылы жолдар (учаскелер) бойынша жол жүру берешегінің бар екендігі туралы смс-хабарлама жібереді.