Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 165 бұйрығына
2-қосымша
Осы редакция 2024 жылғы 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Білім беру орталықтары ұсынатын және балалардың құқықтарын қорғау
саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Білім беру орталықтары ұсынатын және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1) жетім балалардың;
2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;
3) қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың;
4) девиантты мінез-құлықты балалардың (оның ішінде қылмыстық істері ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған балалар, жыл ішінде екі және одан да көп рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған балалар);
5) арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін балалардың;
6) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікке ұшыраған балалардың (оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалар, жыныстық тиіспеушілікке байланысты қылмыстың құрбаны болған балалар);
7) қалыптасқан жағдайлар нәтижесінде тіршілік әрекеті бұзылған және осы жағдайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалардың тұрақты, уақытша және күндізгі уақытта болуына арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы орталықтарда (бұдан әрі - орталық) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну сапасына, шарттары мен көлеміне қойылатын талаптарды белгілейді.
Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп көрсетілетін қызметті алушылар деп аталады.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерге:
1) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары;