(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ...

Предыдущая страница

Микроқаржы ұйымы, өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға, сервистік компания микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады;

2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) басқаға беру шарты жасалғаннан кейін микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өтеу есебіне алынған ақшаны өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның банктік шотына әрбір қарыз алушы бойынша төлемдердің таратып жазылуын бере отырып, аударуға міндетті.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Өзіне микрокредит беру туралы шарт бойынша микроқаржы ұйымының құқығы (талабы) берілген тұлғаның осындай құқықты (талапты) осы бапта көзделген шарттарды сақтамай, басқаға беруіне тыйым салынады.

 

2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)

9-2-бап. Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың өткізіп алынған мерзімі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен жəне мерзімдерде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы қарыз алушыны:

1) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау бойынша мерзімді өткізіп алудың туындағаны және хабарламада көрсетілген күнге мерзімі өткізіп алынған берешектің мөлшерін көрсете отырып, төлемдер енгізу қажеттігі;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы - жеке тұлғаның осы баптың 2-тармағында көзделген өтінішпен микроқаржы ұйымына жүгіну құқығы;

3) қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары туралы хабардар етуге міндетті.

Микроқаржы ұйымы қарыз алушыны хабардар ету үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушы - жеке тұлға микроқаржы ұйымына баруға және (немесе) өзінің микрокредит беру туралы шарттың талаптарына, оның ішінде:

1) сыйақы мөлшерлемесін не микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мәнін азайту жағына қарай өзгертуге;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) ай сайынғы төлем мөлшерін микрокредитті өтеу графигінде белгіленген төлемнің кемінде елу пайызына азайту жағына қарай өзгертуге;

2) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруға;

3) берешекті өтеу әдісін немесе өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;

4) микрокредит мерзімін өзгертуге;

5) микрокредит бойынша мерзімі өткізіп алынған негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жоюға;

6) тараптардың келісімімен белгіленген мерзімдерде кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуіне;

7) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына микроқаржы ұйымына кепілге қойылған мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) сатып алушыға микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін, микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, кірістер жəне басқа да расталған мəн-жайлар (фактілер) туралы мəліметтерді қамтитын өтінішті жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен ұсынуға құқылы.

Қарыз алушы - жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау тəртібі, сондай-ақ микроқаржы ұйымының өтінішті қарау нəтижелері туралы уəкілетті органға хабарлау тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қарыз алушы - жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістерді уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен қарайды жəне қарыз алушы-жеке тұлғаға мынадай шешімдердің бірі туралы:

1) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;

2) микрокредит беру туралы шарт талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныс туралы;

3) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уəжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен хабарлайды.

Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешімді:

1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік осал топтарына жататын;

2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мəн-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушы - жеке тұлға микрокредит беру туралы шарттың талаптарына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында жəне (немесе) 2) тармақшасында көзделген өзгерістерді енгізу туралы өтініш берген кезде кемінде үш ай мерзімге қабылдайды.

Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қарыз алушы өтінішпен жүгінген айдың алдындағы екі айда есептелген қарыз алушының орташа айлық кірісі қарыз алушының өтінішпен жүгінген не атаулы əлеуметтік көмек тағайындалған айдың алдындағы он екі айда есептелген қарыз алушының орташа айлық кірісімен салыстырғанда отыз пайыздан астамға төмендеген жағдайда қабылданады.

Қарыз алушы - жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау кезеңінде микроқаржы ұйымы микрокредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы емес.

Микроқаржы ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімі алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы - жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Бұл мерзім екі тараптың келісімі болған кезде ұзартылуы мүмкін.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 21 желтоқсаннан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қарыз алушы - жеке тұлға микроқаржы ұйымының осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге осы баптың 3-тармағының бесінші бөлігінде көзделген мерзімде қол жеткізбеген кезде бір мезгілде микроқаржы ұйымын хабардар ете отырып, микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.

Микроқаржы омбудсманы қарыз алушы - жеке тұлғаның жолданымын оның микроқаржы ұйымына жүгінуінің жəне микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеудің дəлелдері ұсынылған кезде қарайды.

Микроқаржы омбудсманы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы-жеке тұлғаның тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беру туралы шарт бойынша жолданымын қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы не соттан тыс тəртіппен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

5. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы - жеке тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы - жеке тұлға мен микроқаржы ұйымы арасында микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, микроқаржы ұйымы:

1) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы.

Шаралар қолдану туралы шешім микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.

Микрокредит беру туралы шартта қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген жағдайда микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікті тарту құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі;

Микроқаржы ұйымы берешекті сотқа дейін өндіріп алуға жəне берешекті реттеуге берген күні бұл туралы қарыз алушыны коллекторлық агенттіктің атауын, тұрған жерін, коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланысуға арналған телефон нөмірлерін көрсете отырып, микрокредит беру туралы шартта көзделген тəсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар етеді;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) тұлғаға микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) қарыз алушыда:

жеке тұлғаның жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарты бойынша - қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын;

жеке тұлғаның микрокредит беру туралы өзге де шарттары бойынша - қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын ақшалай міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу болған кезде осы Заңның 9-1-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып беруге құқылы.

Осы тармақшаның ережелері қарыз алушы - Қазақстан Республикасының азаматына қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рəсімдері қолданылған жағдайларға қолданылмайды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) микрокредит беру туралы шартта көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде сотқа микрокредит беру туралы шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен («Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;

4) сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы - дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Берешекті сотқа дейін өндіріп алу жəне реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді микроқаржы ұйымына коллекторлық агенттік жəне (немесе) сервистік компания көрсететін жағдайларды қоспағанда, микроқаржы ұйымының мұндай көрсетілетін қызметтерді үшінші тұлғалардан алуына тыйым салынады.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен берешегі тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға қатысты берешекті сотқа дейін өндіріп алу жəне реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау туралы шарт жасасуына жол берілмейді.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8. Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда жəне реттеуде болған кезеңде микроқаржы ұйымы:

сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;

берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезең үшін сыйақы төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты жəне сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.

 

10-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi тоқтату

1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қарыз алушыларға микроқаржы ұйымдарының микрокредиттерді беру туралы шарттарды тиісінше орындамағаны бойынша талап қою мерзімдерінің ескіру мерзімі бес жылды құрайды.

 

 

3-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI

 

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтық жағдайы

1. Микроқаржы ұйымы (кредиттік серіктестікті қоспағанда) акционерлік қоғамның немесе шаруашылық серiктестiктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.

2. Облигацияларды Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастыру және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы сауда-саттыққа жіберу мақсаттары үшін шығаруды қоспағанда, микроқаржы ұйымына облигациялар шығаруға тыйым салынады.»;

 

12-бап. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру

1. Микроқаржы ұйымының құрылтайшылары құрылатын микроқаржы ұйымын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) кезінде оның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн толық төлеуге мiндеттi.

2. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

3. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.

 

13-бап. Микроқаржы ұйымының атауы

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Микроқаржы ұйымының (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда) атауында мiндеттi түрде «микроқаржы ұйымы» деген сөздер немесе «MҚҰ» деген аббревиатура болуға тиіс.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Кредиттік серіктестіктің немесе ломбардтың атауында мiндеттi түрде тиісінше «кредиттік серіктестік» немесе «ломбард» деген сөздер болуға тиіс.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тiркелмеген заңды тұлғаның өз атауында «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, оның микрокредиттер беру жөнiндегi қызметті жүзеге асыратындығын меңзейтін, солардан туындайтын сөздерді немесе аббревиатураларды пайдалануға құқығы жоқ.

 

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14-бап. Микроқаржылық қызметті лицензиялау және микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына (қатысушыларына) қойылатын талаптар

1. Заңды тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін уәкілетті органға өтініш жасайды.

2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға уәкілетті органды, қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды өзінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы осы тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар етеді.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу (қайта ресімдеу) үшін уәкілетті органға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттардан басқа, микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында айқындалған жағдайларда, микроқаржылық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды ұсынады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келетін, микроқаржы ұйымының орналасқан жерін өзгерту жағдайларында жүзеге асырылады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу кезінде микроқаржы ұйымының біліктілік талаптарына сай келуін тексеру лицензияны қайта ресімдеуге себеп болған негіз микроқаржылық қызмет түрінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанның өзгеруіне не орналасқан жерін өзгертумен байланысты жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келген жағдайларда жүзеге асырылады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті микроқаржы ұйымы лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.

3. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымына микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден уәжді бас тартуды береді.

4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі микроқаржы ұйымы клиенттерінің көруіне қолжетімді жерде орналастырылуға тиіс.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Атқарушы органның (алқалы немесе жеке-дара) бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің (болған кезде) мүшелері, директорлар кеңесінің (болған кезде) мүшелері, бас бухгалтер микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады.

Мынадай:

1) жоғары білімі жоқ;

2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы (банк холдингі) - заңды тұлғасының басшысы болған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды.

Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

4) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады;

5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған;

6) қатарынан төрт және одан көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын, бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - эмитент-заңды тұлғаның басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1. Микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы микроқаржы ұйымы атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.

Алқалы атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауға тиіс.