«Карантиндік фитосанитариялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 290 бұйрығы

 «Карантиндік фитосанитариялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 290 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Карантиндік фитосанитариялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20432 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы карантиндік фитосанитариялық талаптар «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;

6 және 7-тармақтар алып тасталсын;

1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

2025 жылғы 11 қыркүйектегі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.