«Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 22 қазандағы № 16-НҚ нормативтік қаулысы

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 22 қазандағы № 16-НҚ нормативтік қаулысы

 

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Жоғары аудиторлық палатаның Жоспарлау, сертификаттау және әдіснама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы нормативтік қаулы көшірмесінің электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

 

 

Төраға

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары аудиторлық палатасының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.