«Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 20/02 «Білім беру, отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 30/01 Қаулысы (күші жойылды)

Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 20/02 «Білім беру, отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 30/01 Қаулысы

 

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 18/01 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандагы № 684 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17954 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 мамырдағы №20/02 «Білім беру, отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4755 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

қаулының 1-тармағының 4) тармақшасы алынып тасталынсын;

қаулының 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;

қаулының 1-тармағының 9) тармақшасы алынып тасталынсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.