«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 17 наурыздағы № 88 бұйрығы

 «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 17 наурыздағы № 88 бұйрығы

 

БЕКІТЕМІН:

1. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

31-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Төтенше жағдайларды жоюға арналған төтенше жағдайларды жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу аймақтарында жүктерді қабылдау, тасымалдау және беру осы Қағидалардың 31-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

«31-1. Төтенше жағдайларды жоюға арналған төтенше жағдайларды жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу аймақтарында жүктерді қабылдау, тасымалдау және беру кезінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

1) теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органмен жүкті ұсыну кезінде жүк жөнелтушімен (жүк алушымен), азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, Ұлттық жүк тасымалдаушымен тиеу орнын бірлесіп айқындау;

2) Ұлттық теміржол компаниясымен жүктеу күніне сәйкес Ұлттық теміржол компаниясының және оның еншілес ұйымдарының паркінен жылжымалы құрамды жедел беру, ол болмаған жағдайда Ұлттық теміржол компаниясы жылжымалы құрамды басқа меншік иелерінен тарту;

3) жүкті жөнелтушімен техниканы көлік жағдайына дайындау және бекіту деректемелерінің қажетті көлемін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қамтамасыз ету;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.