«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 17 наурыздағы № 88 бұйрығы
БЕКІТЕМІН:
1. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
31-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төтенше жағдайларды жоюға арналған төтенше жағдайларды жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу аймақтарында жүктерді қабылдау, тасымалдау және беру осы Қағидалардың 31-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
«31-1. Төтенше жағдайларды жоюға арналған төтенше жағдайларды жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу аймақтарында жүктерді қабылдау, тасымалдау және беру кезінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
1) теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органмен жүкті ұсыну кезінде жүк жөнелтушімен (жүк алушымен), азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, Ұлттық жүк тасымалдаушымен тиеу орнын бірлесіп айқындау;
2) Ұлттық теміржол компаниясымен жүктеу күніне сәйкес Ұлттық теміржол компаниясының және оның еншілес ұйымдарының паркінен жылжымалы құрамды жедел беру, ол болмаған жағдайда Ұлттық теміржол компаниясы жылжымалы құрамды басқа меншік иелерінен тарту;
3) жүкті жөнелтушімен техниканы көлік жағдайына дайындау және бекіту деректемелерінің қажетті көлемін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қамтамасыз ету;