(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРА...

Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы

(2024.16.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.08.08. № 252 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 102) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Қаленова Д.Ж) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.