Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 18 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 75-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған салықтық өтініштердің нысандары бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құжаттық тексеру жүргізу туралы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті тоқтату туралы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес салық резиденттігін растауды алуға;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес тіркеу есебіне қою туралы;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тіркеу есебінен шығару туралы;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі туралы;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес бензин (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі туралы;