«Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VI Заңы (2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Коллекторлық агенттіктің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке тұлғамен өзара іс-қимылы осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар сақталған жағдайда, сондай-ақ, егер осы тұлға коллекторлық агенттікпен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға келісім білдірген, оның ішінде ауызша келісім білдірген жағдайда жүзеге асырылады.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыруы кезінде мынадай жосықсыз əрекеттерді жүзеге асыруына:

1) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимылдың осы баптың 1-тармағында көзделмеген өзге де тәсілдерін пайдалануға;

2) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) - 6-1) 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма- қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға;

8) берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап етуге;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық не- месе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге тыйым салынады.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1. Коллекторлық агенттік жұмыскерінің борышкермен жəне (немесе) оның өкілімен, жəне (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасасуы кезінде мынадай жосықсыз əрекеттерді жүзеге асыруына:

1) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына жəне пайда болу негіздеріне қатысты жаңылыстыруына;

2) коллекторлық агенттік жұмыскерінің анық емес тегін жəне (немесе) атын, жəне (немесе) əкесінің атын (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ жұмыс орны жəне (немесе) лауазымы туралы шындыққа сай келмейтін мəліметтерді хабарлауына;

3) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне жəне іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мəліметтерді таратуына не осы тұлғалардың мүдделеріне мүліктік зиян келтіруі мүмкін мəліметтерді жария етуіне;

4) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік жəне өзге де зиян келтіруге алып келетін құқыққа қайшы əрекеттер жасауына;

5) борышкерге жəне (немесе) оның өкіліне, жəне (немесе) үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатерін төндіру, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мəжбүрлейтін қысым көрсетуіне тыйым салынады.

2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы баптың нормалары бұзылған жағдайда, коллекторлық агенттік өзі дербес немесе уәкілетті органның талабы бойынша жұмыскердің осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында және 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға және үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ақпарат беруге міндетті.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Осы баптың 1, 2, 4-тармақтарының, 5-тармағы 1) жəне 9) тармақшаларының, 5-1 жəне 6-тармақтарының талаптары коллекторлық агенттік банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру нəтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оған жəне оның жұмыскерлеріне, сондай-ақ сервистік компанияларға қолданылады.

8. 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Осы баптың 1-тармағының, 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы бірінші бөлігінің төртінші жəне бесінші абзацтарының, 2), 3), 4) жəне 6) тармақшаларының, 5-1-тармағының талаптары банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кредитордың мүдделерін білдірген кезде коллекторлық агенттіктің жұмыскерлеріне қолданылады.

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

10. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттіктің жеке сот орындаушыларымен ынтымақтастықты көздейтін шарттар жасасуына тыйым салынады.

 

6-бап. Берешекті сотқа дейін реттеу тәртібінің ерекшеліктері

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)

1. Бастапқы байланыс кезінде коллекторлық агенттік борышкер - жеке тұлғаға жəне (немесе) оның өкіліне банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен коллекторлық агенттікке олардың (оның) жүгіну құқығы туралы хабар береді.

Борышкер - жеке тұлға жəне (немесе) оның өкілі өздеріне (өзіне) коллекторлық агенттік хабар берген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде коллекторлық агенттікке банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен жəне (немесе) коллекторлық агенттікке «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сəйкестендіру құралдарын қолдану арқылы клиент - жеке тұлғаны сəйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан əрі - ақпараттандыру объектілері) арқылы жүгінеді, онда берешектің пайда болу себептері мен мəн-жайлары, кірістері мен шығыстары, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы мəліметтер, борышкердің өтінішін қарау жəне оның банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындауға өз қаражатының жеткілікті екендігін айқындау үшін кредиторға қажетті өзге де мəліметтер көрсетіледі.

2. Коллекторлық агенттік жазбаша өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны кредиторға жіберуге міндетті.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Кредитор борышкердің жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шартын немесе микрокредит беру туралы шартты өзгертудің ұсынылған талаптарын қарайды жəне коллекторлық агенттік пен борышкерге жəне (немесе) оның өкіліне:

1) банктік қарыз шартына немесе микрокредит беру туралы шартқа ұсынылған өзгерістермен келісетіні;

2) банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша өзінің ұсыныстары;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы хабарлайды.

4. Коллекторлық агенттік кредитор қабылдаған шешімді алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде ол туралы борышкерге хабарлайды.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Борышкерге қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде кредитор:

сотқа оның берешегін өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;

берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңдегі сыйақыны, қарыз немесе микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссияларды және өзге төлемдерді төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.

6. 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан, 2024 ж. 1 қазаннан, 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1-бап. Коллекторлық агенттік берешек құқығын (талапты) басқаға беру нəтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оның берешекті реттеу ерекшеліктері

1-тармақтың бірінші бөлігінің күші олар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады

1. Коллекторлық агенттік өзіне кредитор берешек бойынша, оның ішінде сот шешімі бойынша немесе нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алынған берешек бойынша құқықты (талап етуді) берген кезде борышкер-жеке тұлғаға жəне (немесе) оның өкіліне банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы коллекторлық агенттікке олардың (оның) жүгіну құқығы туралы хабар береді.

 «Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 Қаулысын қараңыз

1-тармақтың екінші бөлігі 2027 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі

1-тармақтың үшінші бөлігінің күші күші олар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады

Борышкер - жеке тұлға жəне (немесе) оның өкілі берешек бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру туралы өздеріне (өзіне) хабар берілген күннен кейін кез келген мерзімде коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінуге құқылы, онда берешектің пайда болу себептері, кірістері мен шығыстары, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы мəліметтер, оның коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жүгінуінің мəн-жайларын (фактілерін) растайтын, оның ішінде:

1) негізгі борыш жəне (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге;

2) берешекті өтеу кезектілігін өзгертуге, оның ішінде негізгі борышты басым тəртіппен өтеуге;

3) банктік қарыз немесе микрокредит мерзімін өзгертуге;

4) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуге немесе толық алып тастауға;

5) комиссияларды жəне банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді өзгертуге немесе толық алып тастауға;

6) негізгі борыш жəне (немесе) сыйақы бойынша берешекті толық не ішінара кешіруге;

7) ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті тараптардың келісімінде белгіленген мерзімдерде кепіл берушінің өзінің дербес өткізуіне;

8) міндеттемені орындаудың орнына коллекторлық агенттікке кепілге қойылған мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;

9) сатып алушыға міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзге де мəліметтер көрсетіледі.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Коллекторлық агенттік борышкердің өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды жəне борышкерге жəне (немесе) оның өкіліне жазбаша нысанда жəне (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы:

1) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;

2) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныстар;

3) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уəжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы хабарлайды.

Коллекторлық агенттік мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен қарыз жəне (немесе) микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінге күнтізбелік алпыс күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.

Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ олардың қызметтен шығарылуы туралы мəліметтермен алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

2-тармақтың алтыншы бөлігінің күші олар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады

Коллекторлық агенттіктің осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімі алынған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде коллекторлық агенттік пен қарыз алушы - жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі.

3-тармақ 2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді

3. Борышкер - жеке тұлға коллекторлық агенттіктің осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге осы баптың 2-тармағының бесінші бөлігінде көзделген мерзімде қол жеткізілмеген кезде бір мезгілде коллекторлық агенттікті хабардар ете отырып, банк жəне (немесе) микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.

Банк жəне (немесе) микроқаржы омбудсмандары борышкер - жеке тұлғаның коллекторлық агенттікке жүгінуінің жəне коллекторлық агенттікпен банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеудің дəлелдерін ұсынған кезде оның жолданымын қарайды.

Банк жəне (немесе) микроқаржы омбудсмандары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын борышкер - жеке тұлғаның тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша жолданымын қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы немесе соттан тыс тəртіппен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

 

7-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеу

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап үш ай ішінде есептік тіркелуге жатады.

2. 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркеуден өту үшін уəкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттарды уəкілетті органға ұсынады.

4. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өтуге арналған құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде жазбаша нысанда бас тартады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өту туралы өтінішті құжаттар топтамасы толық ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

6. Уәкілетті орган коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімде коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізуге және оны осы шешім мен тіркеу нөмірі туралы хабардар етуге не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы уәжді түрде жазбаша нысанда жауап беруге міндетті.

7. Есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

 

8-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеуден бас тарту негіздерi

1. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеуден бас тарту мынадай:

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) уəкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мəліметтер мен ақпарат берілген;

2) коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаның жұмыскерлері осы Заңның 12-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;

3) коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлға осы Заңның 3-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап үш ай өткеннен кейін уәкілетті органға есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгінген;

5) осы Заңның 21-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайларда жүргізіледі.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы Заңның 7-бабының 3-тармағына сəйкес құжаттарды қайтадан ұсынуға құқылы не өзінің атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, оның коллекторлық қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рəсімін жүргізуге міндетті.

Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартуды алған жағдайда, мұндай заңды тұлға өзінің атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті.

Заңды тұлға осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлі түрде таратылуға жатады.

 

9-бап. Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару негіздері

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізілімінен мынадай негіздердің бірі бойынша шығарылады:

1) коллекторлық агенттіктің жəне (немесе) оның борышкерлермен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлерінің осы Заңның 5-бабы 5-тармағының 7) жəне 8) тармақшаларында, 5-1-тармағында көзделген жосықсыз əрекеттердің бірін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет жасауы;

2) есептік тіркеуден өту үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мəліметтер мен ақпараттың анықталуы;

3) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері жөніндегі талаптардың сақталмауы;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес ұсынылуы талап етілетін есептілік белгіленген мерзімде бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) ұсынылмауы немесе уақтылы ұсынылмауы;

5) коллекторлық агенттіктің уəкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сəйкес талап етілетін ақпаратты немесе өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) бермеуі, уақтылы бермеуі не коллекторлық агенттіктің уəкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сəйкес ұсынылуы талап етілетін мəліметтер қамтылмаған ақпаратты беруі не анық емес ақпарат беруі;

6) коллекторлық агенттіктің шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы өзі қабылдаған жəне (немесе) оған уəкілетті орган жүктеген міндеттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) орындамауы, уақтылы орындамауы;

7) коллекторлық қызметтің қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырылмауы;

8) коллекторлық агенттіктің осы Заңда белгіленген коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға міндетті мүше болу туралы талапты бұзуы;

9) коллекторлық агенттіктің қызметін тоқтату туралы сот актісінің заңды күшіне енуі;

10) коллекторлық агенттіктің тексеру жүргізуге соңғы күнтізбелік он екі айда үш жəне одан көп рет кедергі жасауы;

11) коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген жағдайда коллекторлық агенттіктің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы өтінішіне барлық міндеттемелердің орындалғанын растау, сондай-ақ баланста бұрын иеленген құқықтардың (талаптардың) болмауы туралы хат қоса беріледі.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

1-1. Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарудың орындылығын айқындау кезінде мыналар ескеріледі:

1) бұзушылықтардың сипаты жəне салдары;

2) жол берілген бұзушылықтардың ауқымы мен айтарлықтай болуы жəне олардың салдары;

3) бұзушылықтардың жүйелілігі мен ұзақтығы;

4) жол берілген бұзушылықтардың туындауына негіз болған себептер;

5) бұрын қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының болуы жəне тиімділігі (нəтижелілігі);

6) анықталған бұзушылықтарды жоюға жəне олардың тиімділігіне бағытталған дербес шаралар қабылдауы.

2. Коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылған жағдайда, уәкілетті орган оны шығарылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде бұл туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Хабарлама есептік тіркеуден өтуге арналған өтініште не коллекторлық агенттіктің тұрған жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.

2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тастау туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тастау туралы шешіміне шағым жасау осы шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Коллекторлық агенттікке өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уəкілетті органның хабарламасын алған кезден бастап берешекті өндіріп алу туралы жаңа шарттар жəне (немесе) банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтардың (талаптардың) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар (бұдан əрі - талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасауға тыйым салынады.