(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МӘСЕ...

Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 39 Қаулысы

 

Осы редакция 2026 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтерде және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесінде:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Пруденциялық нормативтердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына:

1) микроқаржы ұйымы үшін:

жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;

меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;

меншікті капиталдың жеткіліктілігі;

бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

левередж коэффициенті;

2) кредиттік серіктестік үшін:

жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;

меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;

левередж коэффициенті;

3) ломбард үшін - жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері кіреді.

3. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

1) микроқаржы ұйымы үшін - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге, мынадай жағдайларды қоспағанда:

2023 жылғы 1 шілдеден бастап - 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.