«Қобда ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 72 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 432 Қаулысы

«Қобда ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 72 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін андидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 432 Қаулысы

 

Қобда ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қобда ауданы әкімдігінің «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы» 2023 жылғы 27 наурыздағы № 72 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8319 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»;

көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.»;

көрсетілген қаулының 2-тармағы және 2-қосымшасы алынып тасталсын;

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Қобда ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Қобда аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

А. Уразова

 

Қобда ауданы әкімдігінің

2023 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 432 қаулысына 1 қосымша

 

Қобда ауданы әкімдігінің

2023 жылғы 27 наурыздағы

№ 72 қаулысына 1 қосымша

 

 

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.