«Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 570 бұйрығы

«Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 570 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 15253 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 26 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруда:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Комиссия мүшелеріне (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) үміткерлердің уәждемелік және ұсыным хаттарын бағалау бойынша қызметақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі - № 1193 қаулы) сәйкес жүзеге асырылады.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Комиссия мүшелерінің (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) үміткерлермен жеке әңгімелесуді өткізу бойынша көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу № 1193 қаулыға сәйкес жүзеге асырылады.»;

тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н. А. Байжанов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.