Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 83 бұйрығы
(2020.06.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабына және «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқама;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;