«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2025 жылғы 6 қазандағы № 62 бұйрығы

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2025 жылғы 6 қазандағы № 62 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31749 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережеде:

14-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) Үйлестіру кеңесінің мүшелерін хабардар ете отырып, осы Ереженің 17-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдайды немесе Үйлестіру кеңесінің отырысына шығарады.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату негіздері:

1) осы Ереженің нормаларын бұзу;

2) өз өкілеттіктерін тоқтату туралы жазбаша өтініш;

3) қайтыс болу не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;

4) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты тұруға кету;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;

6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуі;

7) ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.