«Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 1074 бұйрығы (2024.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 1074 бұйрығы

(2024.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабынның 1-тармағының 2) тармақшасына, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 102 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың (көліктегі) әкімшілік-аумақтық бірліктерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарлары айқындалсын.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың (көліктегі) әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер болмаған кезеңде міндеттерін атқару олардың орынбасарларына жүктелсін.

3. Мынадай:

1) «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарларын айқындау туралы» вице-министрдің - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 117 бұйрығының;

2) «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарларын айқындау туралы» вице-министр - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» вице-министрдің - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 қазандағы № 914 бұйрығының күші жойылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.