Осы редакция 2019 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 22/1 қаулысымен
бекітілді
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының филиалы (бұдан әрі - оператор) жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
2) кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының есебіне (мақұлдаған жағдайда) субсидия қаржысын аудару.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» № 9-1/1018 бұйрығымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған құжаттар (бұдан әрі - Стандарт) көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдеуді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз болып табылады.