«Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 333/42-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 354/45-VI шешімі
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағына, 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 333/42-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1198 тіркелген, 2019 жылдың 5 қаңтарында «Astana aqshamy», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) тармақшадағы «405 830 487» деген сандар «406 300 487» деген сандармен ауыстырылсын;
«1 250 438» деген сандар «1 720 438» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «376 112 927» деген сандар «379 841 918,9» деген сандармен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «18 995 334» деген сандар «20 405 832» деген сандармен ауыстырылсын, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу «18 995 334» деген сандар «20 405 832» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «(-143 048)» деген сандар «(-4 812 537,9)» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «143 048» деген сандар «4 812 537,9» деген сандармен ауыстырылсын;
1-тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 4 669 489,9 мың теңге.»;
4-тармақта «1 046 628» деген сандар «4 871 281» деген сандармен ауыстырылсын.
Аталған шешімге 1,4,6,9,15-қосымшалар осы шешімге 1,2,3,4,5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | Қ. Әбден |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы | Ж. Нұрпейісов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
(СжБЖБ) мемлекеттік мекемесінің басшысы
Р. Оразғұлов