«Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 202 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 437 бұйрығы (күші жойылды)

 «Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 202 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 437 бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 327 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 202 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10928 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерінде:

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Селитебтік аумақтар топырағының радиоактивті ластануын экологиялық бағалау мына негізгі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: топырақтың беткі қабатының 1 метр деңгейінде эквиваленттік қуаттылық дозасы (сағатына микрозиверт - мкЗв/сағ) және жеке техногендік (жасанды радионуклидтер) радиоизотоптар бойынша радиоактивті ластану дәрежелері (шаршы метрге килобеккерель - кБк/м2).»;

21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Ластанған аумақта тұратын адамның радиоэкологиялық қауіпсіздігінің дәрежесін сипаттайтын негізгі критерий - иондаушы сәулелердің техногендік көздерінен шығатын тиімді дозаның орташа жылдық мәні. Табиғи және медициналық сәулелер дозаларына, сондай-ақ радиациялық авариялар салдары дозаларына арнайы шектеулер қойылады.

Аумақтың радиациялық ластануын бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10671 болып тіркелген) «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтеріне 27-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.