«Арнайы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрыққа 1-қосымша) (2026.19.10. берілген өзгерістермен)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025.14.10. № 264-НҚ бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрі

міндетін атқарушысының

2020 жылғы 11 қыркүйектегі

№ 216 бұйрыққа 1-қосымша

 

 

«Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету

Қағидалары

(2026.19.10. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026.09.04. № 104-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы «Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар), «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026.09.04. № 104-НҚ бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2026.30.09. № 323-НҚ бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) гидротехникалық құрылысжайлар - су ресурстарын пайдалануды реттеуге (оның ішінде, жерүсті су объектілерінің суларын алуға, сақтауға, тасуға, бөлуге және дренаждық суларды бұруға) арналған құрылысжайлар, сондай-ақ судың зиянды әсерінен қорғауға арналған өзге де құрылысжайлар (су тежейтін, су ағызатын және су жіберетін құрылысжайлар, су басудан және жағалаудың бұзылуынан қорғауға арналған құрылысжайлар);

2) жерасты сулары - жерасты су объектілерінің су ресурстары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.