«Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ сот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ сот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 64 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағын, 3-тармағының 10-1), 11) тармақшаларын іске асыру мақсатында және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының, «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының талаптарын орындау үшін, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 22) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:»;