Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - коронавирустық инфекция) таралуының алдын алу үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса берілген:
1) Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;