«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 278 бұйрығы

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 278 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысандары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.